Әлем • 19 Наурыз, 2023

Өзбекстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан билігі қаңтар айында пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 наурыздан бастап пияз экспортына қойылған уақытша шектеу үкіметтің шешімімен алынып тасталды. Мұндай шешім ішкі нарықтағы пияз бағасының тұрақтауына байланысты қабылданды.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанда бағаның күрт көтерілуінен кейін 1 қаңтардан бастап төрт айға пияз экспортына тыйым салынды.

Оған отын-энергетика кешенінде, логистика және өнімді тасымалдау жүйесінде үзілістерге әкелген қалыптан тыс суық себеп болды. Ол кезде пияздың табиғи шығыны 228 мың тоннаны құрады.