Атырау облысында көзі көрмейтін Дүйсәлі Қалдыбай сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында тұрады. Көзі көрмесе де өмірге құштарлығын жоймаған. Үнемі белсенді болып жүреді.
Түрлі сайыстарға қатысып, көркемсөз оқудың шебері атанған зағип жан сайлауда да белсенділігін танытты. Бүгін ол Құлсары қаласындағы №97 сайлау учаскесіне таңғы сағат 7:00-де келіп, дауыс берді.
Оны сайлау учаскесіне ұлы алып келген. Учаскелік сайлау комиссиясы алғашқы болып дауыс берген Дүйсәлі Қалдыбайға арнайы сыйлық ұсынды.
Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанды
Теннис • Кеше
ҰҚШҰ елдері кешенді оқу-жаттығу өткізеді
Оқиға • Кеше
Рим Папасы ауруханадан шығарылды
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар