Отағасы Жұмағазы Адалов атап өткендей, сайлау кез келген демократиялық, құқықтық мемлекетте өте маңызды процесс.
«Біздің таңдауымыз халық үшін маңызды. Барша қазақстандықтарды сайлауға қатысып, жарқын болашақты бірге қалыптастыруға шақырамын. Сонымен қатар, барша жерлестерді келе жатқан жақсылық пен жаңару мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймын», деді Жұмағазы Адалов.
Оның ұлы Ерлан Адалов та ұзақ жылдар бойы теміржол саласында еңбек етсе, оның жолын бүгінде ұлы жалғастырып, теміржолшы мамандығы бойынша білім алуда.
«Әкеміз көп жыл темір жолда еңбек етті, мен де осы саладамын, қазір ұлым теміржолшы болуға дайындалып жүр. Елімізде лайықты заңдардың қабылдануы және оның жұмыс істеуі үшін де осы сайлау өтіп жатыр. Бүгін отбасымызбен келіп, таңдауымызды жасадық», деді Ерлан Адалов.