«Қалған 87 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр. Қалған 87 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр. Тізім бойынша 170 мыңнан аса сайлаушы бар. Оның 471-і сайлауға алғаш рет қатысып отыр. 75-тің үстіне шыққан егде жастағы қариялардың саны 11 мыңнан асады. 90 шақты мерейтой, туған күн иелері бар. Ол кісілерді де елеп-ескеріп кішігірім сый-сияпат беріп жатырмыз. Дәл бүгін 70-ке, 80-ге толып жатқан сайлаушыларымызға қала әкімінің атынан Қостанайдың суреті бар қабырға сағатын тарту еттік. 200-дей адам үйден дауыс беру туралы өтініш түсірді. Учаскелік сайлау комиссиялары әлі де үй аралап, дауыс жинап жатыр. Қала тұрғындарының белсенділігі жаман емес. Ауысым бойынша базарда, сауда орындарында жұмыс істейтін азаматтардың біразы енді ғана дауыс беріп жатыр», дейді Қостанай қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Сәния Шәріпова.
Қостанай қаласындағы 93 сайлау учаскесінің алтауында дауыс беру аяқталды. Бұл сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар – уақытша тіркеудегі азаматтар. Яғни, әскери бөлімдерде отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар, ауруханаларда, онкология және туберкулез диспансерлерінде емделіп жатқан науқастар, тергеу изоляторындағы адамдар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше