Қоғам • 19 Наурыз, 2023

Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның 15 өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды

Астана уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген республиканың 6 390 046 азаматы бюллетень алды. Бұл жалпы сайлаушылардың 53,11 пайызын құрайды.

Қазіргі уақытта еліміздің 5 өңірінде, атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру жалғасуда. Бұл өңірлерде сайлау учаскелері елорда уақытымен сағат 21-00-де жабылады.

Айта кетерлігі, Қазақстанның 62 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан 77 сайлау учаскесі ашылған болатын. Оларда 12 016 адам дауыс беруі тиіс. Астана уақытымен сағат 18:00-де шетелдердегі 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады және қазір жұмыс істеп жатқан учаскелерді қосқанда шамамен 5 мың Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл 42 пайызды құрайды. 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады.

Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың учаскелерге келуі туралы сағат 20:10-да және 22:10-да ақпарат ұсынатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10