Сайлау • 20 Наурыз, 2023

Биыл сайлаушылардың белсенділігі қандай болды?

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы сайлауға қатысу белсенділігі соңғы 19 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл сайлаушылардың белсенділігі қандай болды?

Елімізде 19 наурыз күні ҚР Мәжілісі мен мәслихаты депуттарының кезектен тыс сайлауы өтті. 

Бұған дейін өткізілген сайлауларда ең жоғары көрсеткіш 1995 жылы тіркелген. Сайлауға адамдардың 79,8 пайызы барып, дауыс берген.

Ең төменгі келушілер 2004 жылы болған. Сайлаушылардың 45,2 пайызы дауыс беруге барған.

2004 жылдан 2016 жылға дейін қарқынды өсу байқалады. Ал 2016 жылдан бастап керісінше белсенділік төмендеген.

Бұл сайлау соңғы 20 жылдағы сайлаулардан өзгерек. Өйткені онда «Бәріне қарсымын» деген баған бар және сайлауға бір мандатты үміткерлер қатыса алады.

Биылғы сайлауға сайлаушылардың 54,19 пайызы қатысқан. Бұл 19 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

ОСК мәліметтеріне сай, аймақтардағы белсенділік мынадай болған:

Абай облысы бойынша – 57,02%

Ақмола облысы бойынша – 60,01%

Ақтөбе облысы бойынша – 58,00%

Алматы облысы бойынша – 60,03%

Атырау облысы бойынша – 51,23%

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%

Жамбыл облысы бойынша – 65,21%

Жетісу облысы бойынша – 55,32%

Қарағанды облысы бойынша – 59,48%

Қостанай облысы бойынша – 65,10%

Қызылорда облысы бойынша – 67,21%

Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%

Павлодар облысы бойынша – 58,68%

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%

Түркістан облысы бойынша – 53,01%

Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%

Астана қаласы бойынша – 42,91%

Алматы қаласы бойынша – 25,82%

Шымкент қаласы бойынша – 45,46%