Спорт • 20 Наурыз, 2023

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Instagram парақшасында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллс кортындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

– Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс мастерс турнирінде чемпион атанғанын хабарлаған едік.