Сайлау • 20 Наурыз, 2023

Сайлау күні үгіт жүргізген 5 адам жауапқа тартылды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин сайлау күні үгіт жүргізген 5 адамның жауапқа тартылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау күні үгіт жүргізген 5 адам жауапқа тартылды

«Сайлау күні үгіт жүргізгені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабымен 5 адам жауапқа тартылды. Олардың екеуі Шығыс Қазақстан облысында, қалған үшеуі Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында», деді А. Сарғазин ОСК-дегі брифингте.

Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.

Сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттарының тізімі белгілі болды.