Сайлау • 20 Наурыз, 2023

Мәжіліс сайлауы: Алдын ала нәтиже не көрсетті?

258 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы 19 нау­рызда өткен Парламент Мә­жі­лісі депутаттарының сай­­лауын­да дауыс берудің алдын ала нәти­желерін жариялады. Өңірлерден алынған жедел деректер бойынша сайлаушылар тізі­міне 12 035 578 адам енгізіліп, бар­лық сайлау учаскелері­не 6 366 441 ел азаматы келіп, өз таңдауын жасаған.

Мәжіліс сайлауы: Алдын ала нәтиже не көрсетті?

Сонымен, облыстар мен респуб­ли­калық маңызы бар қалалардың сайлау учаскелерінен келген алдын ала нәтижелер бойынша Парламент Мәжілісіне 6 партия өтті. Атап айтқанда, «Amanat» партиясы сайлаушылардың 53,9 пайыз дауысын жинаса, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 10,9 пайыз, «Respublica» партиясы 8,59 пайыз, «Ақ жол» демократиялық партиясы 8,41 пайыз, Қазақстан Халық партиясы 6,8 пайыз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5,20 пайыз және «Байтақ» жасылдар партиясы 2,3 пайыз электорат сеніміне ие болды.

Дауыс беру күні сайлау рәсімдерін байқауды 80 мыңнан аса ұлттық байқау­шы жүзеге асырды. Оның ішінде, канди­дат­тар­дың сенім білдірген 38 000 өкілі, саяс­и пар­­тиялардан 19 036 байқаушы және ак­ре­­дит­­телген 252 қоғамдық бірлес­­тік­терд­ің аты­­нан келген 23 383 байқау­шы бар. Бұдан бө­лек сайлау барысын бақылауға халық­ара­лық ұйымдардың 793 байқаушысы қатысты.

Ал Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазиннің мәлімдеуінше, Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау күні үгіт жүргізген 5 адам жауапқа тартылған.

«Сайлау болатын күні үгіт жүргізгені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабымен 5 адам жауапқа тартылды. Олардың екеуі Шығыс Қазақстан облысында, ал Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында бір-бірден», деді ол. Бас прокуратура өкілі сайлау комиссияларының 18 мүшесі азаматтарға басқа адам үшін дауыс беруге бюллетень бергенін хабарлады.

Сондай-ақ сайлауға мажоритарлық жүйемен қатысқан кандидаттарға дауыс берудің де алдын ала нәтижелері белгілі болды. Облыстар бойынша анықталған дауыс санына қарай жоғары пайыз жинаған үміткерлер алғаш рет баламалы мажоритарлық жүйемен сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттары атанады. Яғни Орталық сайлау комиссиясы таратқан алдын ала нәтижелерге қарағанда бір мандатты округтер бойынша төмендегі кандидаттар басым дауыс жинады:

Астана қаласы, №1 сайлау округі бо­йынша Дәулет Тұрлыханов 71 698 дауыс жинады;

Астана қаласы, №2 сайлау округі бо­йынша Дәулет Мұқаев 51 769 дауыс жинады;

Алматы қаласы, №3 сайлау округі бо­йынша Ермұрат Бапи 23 690 дауыс жинады;

Алматы қаласы, №4 сайлау округі бойынша Ерлан Стамбеков 15 930 дауыс жинады;

Алматы қаласы, №5 сайлау округі бойынша Бақытжан Базарбек 22 685 дауыс жинады;

Шымкент қаласы, №6 сайлау округі бойынша Данабек Исабеков 21 098 да­уыс жинады;

Шымкент қаласы, №7 сайлау округі бойынша Болатбек Нәжметдинұлы 19 851 дауыс жинады;

Абай облысындағы №8 сайлау округі бойынша Нұртай Сабильянов 131 872 дауыс жинады;

Ақмола облысындағы №9 сайлау округі бойынша Айна Мысырәлімова 154 587 дауыс жинады;

Ақтөбе облысындағы №10 сайлау округі бойынша Қазыбек Әбішев 238 195 дауыс жинады;

Алматы облысындағы №11 сайлау округі бойынша Ардақ Назаров 122 242 дауыс жинады;

Алматы облысындағы №12 сайлау округі бойынша Данияр Қасқарауов 153 225 дауыс жинады;

Атырау облысындағы №13 сайлау округі бойынша Әділ Жұбанов 107 973 дауыс жинады;

Батыс Қазақстан облысындағы №14 сайлау округі бойынша Абзал Құспан 126 784 дауыс жинады;

Жамбыл облысындағы №15 сайлау округі бойынша Мұқаш Ескендіров 99 021 дауыс жинады;

Жамбыл облысындағы №16 сайлау округі бойынша Гүлдара Нұрымова 190 078 дауыс жинады;

Жетісу облысындағы №17 сайлау округі бойынша Руслан Қожасбаев 132 678 дауыс жинады;

Қарағанды облысындағы №18 сайлау округі бойынша Құдайберген Бексұлтанов 132 471 дауыс жинады;

Қарағанды облысындағы №19 сайлау округі бойынша Арман Қалықов 145 228 дауыс жинады;

Қостанай облысындағы №20 сайлау округі бойынша Еркін Әбіл 181 175 да­уыс жинады;

Қызылорда облысындағы №21 сайлау округі бойынша Мархабат Жайымбетов 148 646 дауыс жинады;

Маңғыстау облысындағы №22 сайлау округі бойынша Еділ Жаңбыршын 117 880 дауыс жинады;

Павлодар облысындағы №23 сайлау округі бойынша Амантай Жарқынбек 168 625 дауыс жинады;

Солтүстік Қазақстан облысындағы №24 сайлау округі бойынша Еркебұлан Мамбеков 153 736 дауыс жинады;

Түркістан облысындағы №25 сайлау округі бойынша Қайрат Балабиев 142 595 дауыс жинады;

Түркістан облысындағы №26 сайлау округі бойынша Ұласбек Сәдібеков 92 445 дауыс жинады;

Түркістан облысындағы №27 сайлау округі бойынша Темір Қырықбаев 117 584 дауыс жинады;

Ұлытау облысындағы №28 сайлау округі бойынша Ерболат Сатыбалдин 44 406 дауыс жинады;

Шығыс Қазақстан облысындағы №29 сайлау округі бойынша Лұкбек Тұмашинов 165 596 дауыс жинады.

«Сайлау туралы заңның нормаларына сәйкес, парламенттік сайлаудың қоры­тын­дылары ОСК отырысында сайлау өт­кізілген күннен бастап 10 күннен кешік­тірілмейтін мерзімде белгіленеді. Және БАҚ-та жарияланады», деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.