Төтенше жағдай • 22 Наурыз, 2023

Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінді

4424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент тұрғындары дүмпуді сезгені туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінді

Желі қолданушыларының айтуынша, жер сілкінісі сезіліп, пәтерде люстра шайқалған. 

«Адамдар дүрлігіп кетті. Біз төртінші қабатта тұрамыз, күйеуім жұмыста болған. Мен төрт баламмен жалғызбын. Біреуі әлі шақалақ. Жер сілкінгенде ас үйде бәрі дірілдеп, қозғалып кетті. Бір-екі минуттай шайқалды. Сыртқа шығуға көршілер көмектесті. Лифтке кірмей, баспалдақпен  түстік», деді Шымкент қаласының тұрғыны Азиза.

Сейсмологтар Тараз бен Шымкент қаласында 3 балдық жер сілкінісі тіркелгенін айтты. 

Содан кейін «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС Алматы, Астана, Қызылорда қалаларында және Түркістан облысында 2 балдық жер сілкінісі сезілгенін хабарлады.

«МSК-64 шкаласы бойынша Шымкент, Тараз қалаларында зілзаланың сезілуі 3 балды құрады. Алматы, Астана, Қызылорда қалаларында және Түркістан облысында 2 балдық жер сілкінісі сезілген», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан аумақтарында да жер сілкінісі байқалған.

Соңғы жаңалықтар