Ғылым саласында ауқымды зерттеу жобаларын жасап, оның дамуына үлес қосып жүргендердің бірі - Мәулидә Нығыметқызы. Ол Қытай, Сауд Арабия, Аустралия, АҚШ елдерінде ғылыми докторлықты (PhD) оқыған және ағылшын, қытай неміс тілдерін жетік меңгерген.
Қазір қазақ қызы өзін шетелде мойындатып жүр.
Жақында ғана АҚШ-тағы (USA) Ғылым және технология (Environmental Science& Technology) бойынша шығатын журналға оның ғылыми зерттеу мақаласы жарияланды.
Сонымен қатар Мәулидә Нығметқызы қажырлы еңбегі мен адалдығының нәтижесінде екі үлкен ғылыми зерттеу жобасын жеңіп алды. Біріншісі - Еуропа Одағының ғылыми зерттеу жобасы. Екіншісі - Германия мен Израильдің бірлескен ғылыми зерттеу жобасы. Бұған дейін де оның әлемдік деңгейдегі журналдарға біраз ғылыми зерттеу мақалалары шыққан.
Зерттеуші қазіргі уақытта Германияның Ғылым мен технология зерттеу орталығы Helmholtz Centre for Environmental Research-UFZ-де жұмыс істейді.