Қоғам • 22 Наурыз, 2023

Елімізде «Жер сағаты» акциясы өтеді

1106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы басталады. Бүкіл әлем бір сағатқа электр қуатын өшіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде «Жер сағаты» акциясы өтеді

Жыл сайын бұл акцияға әлемнің 180-нен астам елі қатысады. Қазақстан үшін «Жер сағаты» биыл 14-ші рет өткізіліп отыр.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде «Жер сағаты» ең ауқымды экологиялық акциясы өткізіліп келеді.

Дәстүр бойынша әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін наурыз айының соңғы сенбісінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі жарықты символдық түрде өшіреді. Сонымен қатар әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары өз жарықтарын сөндіреді. Акцияға елдердің мемлекеттік және жеке ұйымдары да қолдау көрсетеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда акция экологиялық белсенділікке, сирек кездесетін жануарлар түрлерін қорғауға және экотуризмге көңіл бөлді. 2023 жылы республикада «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтаудың маңыздылығына арналған.

Қазақстанда «Жер сағаты» WWF Орталық Азия бағдарламасы, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, «Жасыл экономика және даму үшін G-Global коалициясы» және «Жер сағаты» тұрақты даму қорымен ұйымдастырылады.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен 25 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін (Астана қ.) «Жер сағаты» акциясы өтеді. Акция туралы толық ақпарат earthhour.kz сайтында берілген.