Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында теннистен командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Мәдина Рахымның шәкірттері ширек финалда іріктеу турнирінің екінші ракеткасы – Үндістан командасын ұтты.
Алдымен Ева Корышева қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Содан кейін Еркежан Жаңатаева да қалыспады – 6:4, 6:7, 6:2.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 24 наурыз күні жартылай финалда Жапониямен ойнайды. Жапониялықтар ширек финалда Таиланд командасынан басым түсті.
Биыл Азия – Тынық мұхит аймағынан командалық әлем чемпионатының финалдық сатысына үш жолдама беріледі. Финалдық кезең жазда Чехияның Простеев қаласында өтеді.
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:41
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Руханият • Бүгін, 17:05
Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады
Президент • Бүгін, 16:48
Президент елорда әкіміне қаладағы су тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды
Президент • Бүгін, 16:36
Елордада тағы бірнеше көше қиылысы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:00
Ұқсас жаңалықтар