Денсаулық • 23 Наурыз, 2023

Елімізде бір тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен бір тәулікте ел өңірлерінде 23 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Елімізде бір тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды

23 наурыздағы жағдай бойынша, қазір 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан (КВИ+) –1 625, пневмониядан (КВИ-) – 170) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 5 адамның жағдайы ауыр,

- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 21 наурызда тәулік ішінде коронавирус 34 адамда, 20 наурызда 70 адамда тіркелген болатын.