Спорт • 23 Наурыз, 2023

Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамы белгілі болды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы ойнайтын құрамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамы белгілі болды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан қақпада Игорь Шацкийге сенім білдірді. Ал жартылай қорғаныста Ян Вороговский, Сергей Малый, Марат Быстров, Александр Марочкин, Михаил Габышев ойын көрсетсе, жартылай қорғаныста Асхат Тағыберген, Аслан Дарабаев, Рамазан Оразов, Максим Самородов жасыл алаңға шығады. Шабуыл шебінде Абат Айымбетов ойнайды.

Ал Словения сапында қақпашы - Ян Облак, қорғаушылар - Юре Балковец, Яка Бийол, Миха Блажич, Жан Карничник, жартылай қорғаушылар - Беньямин Вербич, Йон Горенц-Станкович, Адам Гнезда, Петар Стоянович, шабуылшылар - Беньямин Шешко, Жан Целар Қазақстан құрамасына қарсы шығады.

Айта кетсек, Қазақстан-Словения кездесуі бүгін, елордадағы «Астана - Арена» стадионында сағат 21.00-де басталды. Қазір тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көрсетіліп жатыр.

Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.