Қазақстан теннисшілері АҚШ-тағы Майами мастерс турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина мен америкалық Эйжа Мухаммад испаниялық Паула Бадоса және тунистік Онс Жабермен кездесті.
1 сағаттан астам уақытқа созылған әсерлі матчта қазақстандық-америкалық жұп 6:4, 6:4 есебімен қарсыластарын ойсырата жеңді.
Қазақстанның жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик сербиялық Миомир Кецмановичпен бірге Аргентина өкілдері Педро Качин мен Франсиско Черундолодамен кездесіп, 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Енді жерлестеріміздің екінші айналымдағы қарсыластары алдағы уақытта анықталады.
Айта кетсек, жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Майами турнирі 2 сәуірге дейін жалғасады.
Елордада тағы бірнеше көше қиылысы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:00
Қаржы • Бүгін, 15:50
Көлік қарқыны жоғары тасжолдарға проекциялық жолақтар орнатылды
Қоғам • Бүгін, 15:22
Президент Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті
Президент • Бүгін, 15:05
«Ешқайда барғалы жатқан жоқпыз»: Қорғаныс министрі желідегі қауесетті жоққа шығарды
Қоғам • Бүгін, 14:53
Ұқсас жаңалықтар