Қоғам • 24 Наурыз, 2023

ШҚО-да жоғалған ер адамның мәйіті табылды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Еріктілердің Instagram-да жариялаған мәліметінше, 1982 жылғы Досжан Қасынғалиев 21 наурызда жоғалып кеткен. Сағат шамамен 15:00-де ер адам Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған.

23 наурызда ер адамның мәйіті табылған. Еріктілер оқиғаның мән-жайын нақтылаған жоқ.