Футбол • 24 Наурыз, 2023

Лионель Месси мансабындағы 800-інші голын соқты

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентина құрамасы және «ПСЖ» командасының шабуылшысы Лионель Месси өз мансабындағы 800-інші голын соқты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com сайтына сілтеме жасап.

Лионель Месси мансабындағы 800-інші голын соқты

Аргентиналық шабуылшы кәсіпқой мансабындағы 800-ші голын соқты. Клубтық мансабында Месси 701, ұлттық құрама сапында 99 гол соға алды.

Еске салайық, бүгін, 24 наурызда Аргентина мен Панама құрамалары жолдастық кездесу өткізді. Кездесу қожайындары 2:0 есебімен жеңіске жетті. 89-минутта ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси командасының екінші голын соғып, таблодағы қорытынды есепті орнатты.

Лионель Месси 2005 жылдан бері Аргентина құрамасында ойнап, оның үздік бомбардирі атанды. Ол сондай-ақ 2022 жылы Қатарда өткен әлем біріншілігінде капитандық тізгінді ұстап, жеңімпаз атанып, сол біріншіліктің үздік ойыншысы болды.