Сайлау • 24 Наурыз, 2023

Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы жарияланды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы бойынша мәслихат сайлауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы жарияланды

Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бахыт Бектемісова ұсынған ақпаратқа қарағанда, елордада 788 931 сайлаушы тіркелген. Алайда, тек 332 694 адам дауыс беруге келген.

Комиссия қорытындысына сәйкес, мәслихат сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын келесідей бөліскен:

1. Amanat партиясы – 68,78% немесе 227 307 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 0,65% немесе 2 197 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 1,63% немесе 5401 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 5,12% немесе 18 174 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 5,49% немесе 18 154 адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 19,96% немесе 56 045 адам дауыс берді;

Ал 3 269 адам «Бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.

«5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін мандаттар былай бөлінді: Amanat партиясы – 12 мандат, Қазақстан халық партиясы – 1 мандат, «Байтақ» жасылдар партиясы – 1 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 3 мандат», деп қорытындылады Бахыт Бектемісова.