Елорда • 24 Наурыз, 2023

Елордада Құдайбердіұлы-Бурабай көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында жөндеу жұмысына байланысты Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысы жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада Құдайбердіұлы-Бурабай көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

«Астана қаласының Көлік және жол-көлікинфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ «Оңтүстік-Шығыс (сол жағы) тұрғын алабы көшелерін салу жәнереконструкциялау» жобасын іске асырып жатыр.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысында инженерлік желілерді орнату жұмысы басталды.

Осыған байланысты осы жылдың 25 наурызы мен 10 сәуірі аралығында аталмыш көшелердің қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылады.

Сол сияқты жол-құрылыс жұмысын жүргізу кезеңінде №13, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.

Ро

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны абзал.