Сайлау • 24 Наурыз, 2023

Семей қаласында бір мандатты округтер бойынша мәслихатқа өткен депутаттар анықталды

248 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Семей қаласында бір мандатты округтер бойынша мәслихат депутаттығына кімдер сайланғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семей қаласында бір мандатты округтер бойынша мәслихатқа өткен депутаттар анықталды

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ұсынған мәлімет бойынша,  сайлаушылар тізіміне 233 044 адам енгізілді. Дауыс беруге 91121 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 28 адам дауыс берді. Ал дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 4341 сайлаушы өз таңдауын жасаған.

Семей қаласы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың жалпы саны - 73.

23 сайлау округі бойынша сайланғандардың тізімі төмендегідей:

№ 1 сайлау округі бойынша – Оралбеков Әділет Оралбекұлы, 01.08.1990 жылы туған, «Jusan bank» АҚ филиалының өңірлік директоры;

№ 2 сайлау округі бойынша – Абдуллин Асқар Талғатұлы, 14.05.1982 жылы туған, «ҚЖС» ЖШС басшысы;

№ 3 сайлау округі бойынша – Сағандықов Еркен Заманбекұлы, 20.08.1968 жылы туған, «Семей Водоканал» МКК директоры;

№ 4 сайлау округі бойынша – Қабдуллин Жаныбек Сиязбекұлы, 25.02.1993 жылы туған, «Мечта» ЖШС супервайзері;

№ 5 сайлау округі бойынша – Калинкин Анатолий Дмитриевич, 05.12.1997 жылы туған, «Калинкин» ЖК басшысы;

№ 6 сайлау округі бойынша – Бәкіров Асхат Бәкірұлы, 29.04.1983 жылы туған, Абай облысы Сәулетшілер одағы филиалының төрағасы;

№ 7 сайлау округі бойынша – Еділбекова Мадина Еділбекқызы, 17.02.1993 жылы туған, қоғам қайраткері;

№ 8 сайлау округі бойынша – Әбілмажинов Ермек Төлегенұлы, 06.07.1971 жылы туған, «Шәкәрім университеті» КЕАҚ «ТОіМ» кафедрасының профессоры;

№ 9 сайлау округі бойынша – Есмағанбетов Рауан Нұрпейісұлы, 22.03.1991 жылы туған, «Алтын ұя Семей» ЖШС сату бөлімінің басшысы;

№ 10 сайлау округі бойынша – Садықов Айдын Жұматайұлы, 06.07.1971 жылы туған, «Евро техстрой» ЖШС директоры;

№ 11 сайлау округі бойынша – Туленбергенов Серік Төлеуғалиұлы, 13.12.1974 жылы туған, «Теплокоммунэнерго» МКК директоры;

№ 12 сайлау округі бойынша – Ильясов Ердос Ерланұлы, 13.09.1985 жылы туған, «DECorp» ЖШС директоры;

№ 13 сайлау округі бойынша – Нұралинов Дәурен Болатұлы, 19.10.1993 жылы туған, жеке кәсіпкер;

№ 14 сайлау округі бойынша – Сәбитов Равиль Кенжебекұлы, 03.05.1984 жылы туған, «Отбасы банк» АҚ қалалық филиалының директоры;

№ 15 сайлау округі бойынша – Бекжасаров Айболат Кайыркешұлы, 01.06.1963 жылы туған, КГУ «№1 Семей қаласы АӘҚКО» директоры;

№ 16 сайлау округі бойынша – Алтайбаев Андрей Викторович, 26.05.1972 жылы туған, «Gold king» спорт клубының директоры;

№ 17 сайлау округі бойынша – Шәкәрімов Данияр Кайырханұлы, 15.02.1981 жылы туған, Семей қаласы әкімінің орынбасары;

№ 18 сайлау округі бойынша – Молдағалиева Шолпан Сапарқызы, 21.05.1975 жылы туған, «Полигон Семей-Хиросима» ҚҚ құрылтайшысы;

№ 19 сайлау округі бойынша – Омаров Мақсат Мұратұлы, 16.10.1991 жылы туған, «Investstroigroup» ЖШС директоры;

№ 20 сайлау округі бойынша – Шапатов Канат Мұратұлы, 29.08.1971 жылы туған, Балалар және жастар шығармашылық сарайының директоры;

№ 21 сайлау округі бойынша – Мұрат Ақмарал Ерланқызы, 15.08.1991 жылы туған, «ЛНСЭИ» мекемесі директорының орынбасары;

№ 22 сайлау округі бойынша – Ыкыбаев Дастан Қадірбекұлы, 05.11.1987 жылы туған, «Абай атындағы олимпиадалық резервтерді даярлау орталығы» КММ директоры;

№ 23 сайлау округі бойынша – Қазанбекова Тоғжан Кұмарқызы, 01.01.1976 жылы туған, «Нурасыл» ФШ директоры.