Аймақтар • 25 Наурыз, 2023

Талдықорған қаласы мәслихатына кімдер сайланды?

299 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласы мәслихатына сайланған депутаттардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорған қаласы мәслихатына кімдер сайланды?

Талдықорған қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше,

қала бойынша барлығы 130 417 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге 40 113 сайлаушы қатысты.

52 кандидаттың арасынан жеңіске жеткендері:

№1 сайлау округі бойынша – Дәуітов Ыбрай Қызырханұлы, 1986 жылы туған, «Құрақты» медицина орталығының жетекшісі, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№2 сайлау округі бойынша – Шведин Матвей Викторович, 1988 жылы туған, «Еріктілер орталығы «Lider.kz» ҚБ төрағасы, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№3 сайлау округі бойынша – Молдаханова Ғалия Каметқызы, 1966 жылы туған, «№5 бөбекжай-балабақша» МКҚК-нің меңгерушісі, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№4 сайлау округі бойынша – Оразбаев Шалқар Елісұлы, 1975 жылы туған, Н. Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінің директоры, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№5 сайлау округі бойынша – Қауысбеков Владимир Оңалбайұлы, 1980 жылы туған, «Талдықорған Көркейту» ЖШС директоры, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№6 сайлау округі бойынша – Нұрлыбаева Жамал Нұратайқызы, 1971 жылы туған, «№2 орта мектеп» КММ-нің директоры, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№7 сайлау округі бойынша – Моңғол Анарбек, 1979 жылы туған, ШЖҚ «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» МКК-нің директоры, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№8 сайлау округі бойынша – Ақжаркенова Роза Қажы-Ахметқызы, 1961 жылы туған, «Ерлік» ҚБ төрағасы, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№9 сайлау округі бойынша – Болатұлы Жарылқасын, 1981 жылы туған, «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасы» ЖШС директоры, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№10 сайлау округі бойынша – Габдракипова Алсу Фаритқызы, 1989 жылы туған, «Ана үйі» ресурстық орталығының аймақтық маманы, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№11 сайлау округі бойынша – Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы, 1981 жылы туған, №7 «Бөбекжай» балабақшасының меңгерушісі, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№12 сайлау округі бойынша – Исаева Анар Досмұханқызы, 1972 жылы туған, «Элдана» пәтер иелері кооперативінің төрағасы, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№13 сайлау округі бойынша – Жұмаділова Айжан Медетқызы, 1980 жылы туған, Ш. Уәлиханова атындағы №10 орта мектеп – гимназиясының директоры, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№14 сайлау округі бойынша – Есмаханов Әзиз Аблайұлы, 1982 жылы туған, «Бетон-Строй LTD» ЖШС-нің директоры, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№15 сайлау округі бойынша – Мәшеков Батыр Оралбайұлы, 1985 жылы туған, олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№16 сайлау округі бойынша – Ерденов Мұхтар Бекенұлы, 1977 жылы туған, «Асыл» Мал тұқымын асылдандыру орталығы» ЖШС-нің директоры, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№17 сайлау округі бойынша – Ахажан Темірболат Жанболатұлы, 1964 жылы туған, Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы, Талдықорған қаласының тұрғыны;

№18 сайлау округі бойынша – Бөкенов Әнуар Мұратұлы, 1993 жылы туған, «Жер Ана» өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативінің директоры, Талдықорған қаласының тұрғыны сайланды.