Спорт • 26 Наурыз, 2023

Қазақстандық әскери қызметші супер гран-при жеңіп алды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте «Өнер және мәдени мұра»жобасының Art Silk Way көп жанрлы және хореографиялық өнерінің халықаралық байқауы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық әскери қызметші супер гран-при жеңіп алды

Бұл байқау туысқан халықтардың мәдени дамуына, елдер арасындағы достық байланыстарды нығайтуға, талантты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның хореография, вокал және музыкалық театр саласындағы ұжымдары мен солистері қатысты. 

Бірінші кезеңде Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының эстрадалық-би тобының бишісі қатардағы жауынгер Рахматжан Иолдашев ұйғыр халқының «Тавак уссули» биін орындады. Бұл жеке қойылымы үшін ол арнайы дипломмен және супер гран-при кубогімен марапатталды. 

Өткен жылдың желтоқсан айында Ташкентте мәдениет және әскери-патриоттық тәрбие саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын.

Соңғы жаңалықтар

55 жыл жасаған «Садзаэ ханым»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

98 түрлі «Күлше қыз»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Қардан мүсін тұрғызды

Өнер • Бүгін, 07:40

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35