Спорт • 26 Наурыз, 2023

Тбилисидегі үш жүлде

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияның бас шаһары – Тбилисидегі Grand Slam турнирінде Қазақстанның дзюдошылары сәтті өнер көрсетіп жатыр. Алғашқы екі күннің нәтижесі бойынша жерлестеріміз үш жүлдеге қол жеткізді.

Тбилисидегі үш жүлде

Ерлер арасында 60 кило салмақ дәре­же­сінің қола медалін қазақтың қос балуаны өзара сарапқа салды. Олар – Мағ­жан Шам­шиддин мен Қанат Сейілхан. Алғаш­қысы – көптеген дүбірлі додаға қатысқан сақа спортшы, екіншісі – жас­тар буынының өкілі. Бұл тартыста Мағ­жанның мерейі үстем болды. 81 кило салмақтағы Абылайхан Жұ­ба­назар күміс медальді мойнына ілді. Ол канадалық Мохаб Эльнахас, польшалық Павел Дризималь, румыниялық Виктор Стер­пу және грузилық Дмитрий Гочиладзені сан соқтырғанымен, финалда аустриялық Вахид Боршашвилиге есе жіберді. Әйелдер сайысында Әбиба Әбужақынова қола медаль иеленді. Шешуші тұста Әбиба испа­ниялық Абелинда Мартинесті ұтты.

Жарыстың соңғы күні Дидар Хамза мен Айдар Арапов (90 кило), Нұрлыбек Шархан мен Бекарыс Сәдуақас (100 кило), Ғалымжан Қырықбай мен Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кило) және Кәмила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова (+78 кило) татамиге шығады.