Қоғам • 27 Наурыз, 2023

Арыс өзенінен 4 жасар қыздың мәйіті табылды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайрам ауданы, Нұржанқорған ауылы тұрғыны суға батып кеткен қыздың денесін тауып, судан алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арыс өзенінен 4 жасар қыздың мәйіті табылды

Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда жергілікті тұрғын 4 жасар қызының Арыс өзеніне ағып кеткенін хабарлаған болатын.

Үлкендердің қарауынсыз Арыс өзеніне ойнауға барған 4 жасар бүлдіршінді су ағызып әкеткен болатын.

Қызды іздеуге 30 адамнан тұратын еріктілер тартылған. Бүлдіршіннің денесі оқиға болған аймақтан 10 шақырым жерде, өзен бойынан табылған. Жергілікті тұрғындар қыздың денесін судан алып шыққан.