Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.
ОСК-ның алдын ала мәліметтері бойынша, дауыс беру нәтижелері келесідей болды:
«Аманат» партиясы – 3 431 510 дауыс/53,90 пайыз;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 693 938 дауыс/10,90 пайыз;
«Республика» партиясы – 547 154 дауыс/8,59 пайыз;
Қазақстан халық партиясы – 432 920 дауыс/6,8 пайыз;
«Байтақ» жасылдар партиясы – 146 431 дауыс/2,30 пайыз;
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы – 535 139 дауыс/8,41 пайыз;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 331 058 дауыс/5,2 пайыз.
«Барлығына қарсымын» бағанына 248 291 адам, яғни халықтың 3,9 пайызы дауыс берді.
«Партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындысына сай 6 саяси партияға депутаттық мандаттарды бөлуге рұқсат етілді: «АМАNАТ» партиясы, «Ауыл» ХДП, «Республика» партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. 5 пайыз дауыс жинай алмаған «Байтақ» жасылдар партиясы өтпейді», деді Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, депутаттық мандаттар саяси партиялар арасында келесідей бөлінді:
«АМАNАТ» партиясы – 40;
«Ауыл» ХДП – 8;
«Республика» партиясы – 6;
Қазақстан халық партиясы – 5;
«Ақ жол» демократиялық партиясы – 6;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4.
19 наурызда елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Өткен аптада бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына жеңіске жеткен кандидаттардың есімдері белгілі болды. Сондай-ақ Астана қаласы мәслихаты депутаттарын сайлаудың қорытындысы белгілі болды.
Қызылорда облысы инвестиция тартудан алда тұр
Аймақтар • Бүгін, 18:32
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірін Астана әуежайында қарсы алды
Президент • Бүгін, 18:12
«Кәмпит алып берді»: Алматыда белгісіз ер адам 8 жасар қызды ұрлап әкеткен
Аймақтар • Бүгін, 18:05
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:41
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Руханият • Бүгін, 17:05
Ұқсас жаңалықтар