Магомед Адиевтің шәкірттері бір күн бұрын «Астана Аренада» Еуропа-1992 чемпионы Дания құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Бұл қазақстандық футболшыларға осы іріктеу кезеңінде алғашқы үш ұпайды жинауға мүмкіндік берді.
«Словениядан жағымсыз жеңілістен кейін жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Ойын алдында жігіттерге айтқаным: «жауапкершілік менде, алаңға шығып ойнаңдар». Жанкүйерлеріміздің көрсеткен қолдауы керемет екенін үнемі айтып жүрдім. Словениядан жеңіліп қалған кезде де сындарды қабылдадым. Бұл да сезім. Біздің жанкүйерлер бұл жеңіске лайық», деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев
Данияны жеңгеннен кейін Қазақстан құрамасының үш ұпайы бар, біз H топшасының үшінші сатысында тұрмыз, тек Словения мен Дания ғана алда.
Еуро-2024 іріктеу кезеңінің екінші турының ойындарынан кейін Словения құрамасы алты ұпаймен H топшасының жалғыз көшбасшысы атанды. Екінші орында - Дания өкілдері (3 ұпай). Одан әрі Қазақстан, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино. Қазақстан құрамасы келесі ойынын 17 маусым күні сыртта Сан-Мариноға қарсы өткізеді.