Сайлау • 27 Наурыз, 2023

Сайлау кезінде жәшіктерге артық бюллетеньдер салынғаны расталды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауында жәшіктерге артық бюллетеньдер салынғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау кезінде жәшіктерге артық бюллетеньдер салынғаны расталды

«Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінде жұмыс істеген №279 сайлау учаскесінде жәшіктерге артық бюллетеньдерді салып жіберу фактісі анықталды. Желіде заңбұзушылық анық бейнеленген видео тарады. Бұл іс зерттелді, прокуратура органдары онымен айналысып, тиісті тұлғаларға айыппұл салынды. Атап айтқанда, комиссия төрағасы мен қоғамдық бірлестіктің бір бақылаушысы жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар комиссия төрағасы дереу жұмыстан шеттетілді», деді Нұрлан Әбдіров баспасөз мәслихаты барысында.

ОСК төрағасының айтуынша, ұқсас құқық бұзушылық Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округіндегі №455 сайлау учаскесінде де тіркелген. Бұл оқиғадан кейін хатшы мен учаскелік комиссияның мүшесіне айыппұл салынып, олар да жұмыстан шеттетілген.