Қазақстан • 27 Наурыз, 2023

Оңтүстік Кореяға заңсыз кірмек болған Қазақстан азаматы ұсталды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін Қазақстанның екі азаматына Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынған болатын.  Алайда, олар аталған елге заңсыз кіріп кеткен. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бүгінде олардың біреуі ұсталып, екіншісі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Кореяға заңсыз кірмек болған Қазақстан азаматы ұсталды

«Корея Республикасына кіруге тиісті рұқсат алмаған Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткен. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстады. Екінші азамат іздестіріліп жатыр. Аталған азаматтар Оңтүстік Кореяға 24 наурызда Ташкент қаласынан «Koreana» әуекомпаниясының рейсімен келіп, депортациялық рейсті күтіп отырған. Содан кейін әуежайдан рұқсатсыз шығып кеткен», деді СІМ ресми өкілі.

Оның айтуынша, Қазақстанның Сеул қаласындағы елшілігі бұл мәселе бойынша Корея Республикасының уәкілетті органдарымен байланыс орнатты.

«Болған оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырып, жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды. Өз кезегінде бұл жағдай болашақта Корея Республикасының құқық қорғау және иммиграциялық органдарын әсіресе Қазақстан азаматтарының елде заңсыз жүріп-тұруына қарсы белсенді күресуіне, сондай-ақ біздің отандастарымыз үшін елге кіру тәртібін қатаңдатуға итермелеуі де мүмкін», деп қосты Айбек Смадияров.