Қоғам • 27 Наурыз, 2023

Қазақстанда су тапшылығы қаупі бар

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ мәліметінше, Қазақстан 2040 жылға қарай ауыз су тапшылығы қаупі өте жоғары 44 елдің қатарына кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда су тапшылығы қаупі бар

Statista деректері бойынша, Қазақстанда бөтелкедегі судың бағасы шамамен 300-350 теңге тұрады. Ал әлем бойынша 1,5 литр су орта есеппен 0,70 доллар тұрады.

Әлемнің көптеген елдерінде де баға жоғары. Суы қымбат елдер қатарына Австралия мен Филиппин де кіреді.

БҰҰ 2040 жылға қарай шиеленісетін қауіпсіз суға қол жеткізу мәселесін қарастырып, соның ішінде су тапшылығы болатын 44 елді атады. Бұл тізімде Қазақстан да бар.