Корей шетелдік көлігін 40 жастағы әйел, ал Toyota Camry көлігін 39 жастағы ер адам басқарған.
Жеңіл көліктер Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында соқтығысқан, жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен.
ЖКО-да үш адам қаза тапты, тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. Жол апатына кінәлі адам тергеу барысында анықталады. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмысын жалғастырып жатыр.