Руханият • 27 Наурыз, 2023

Жамбыл жырлаған «Қыз Жібек» жапонша сөйледі

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қыз Жібек» лиро-эпосының Жамбыл Жабаев жырлаған нұсқасы жапон тілінде жарық көрді. Оны Жапонияның фольклортанушылар ассоциациясы мен Еуразия Жазу­шылар одағының мүшесі, белгілі аудармашы Шарафат Жылқыбаева тәржімалады.

Жамбыл жырлаған «Қыз Жібек» жапонша сөйледі

– Бұл қазақтың салт-дәс­түрін ғана емес, жалпы Ор­талық Азия мәдениетін танытатын шығарма. Құнды еңбектен Қазақстанның көр­­кем та­биғаты мен көш­пелілердің байырғы тұр­мыс-тір­­шілігін танып бі­луге болады, – дейді, оған пікір жаз­ған Хоккайдо уни­вер­сите­ті­нің құрметті профессоры Такэда Масанао.

Жинақтың алғысөзінде қазақ фольклоры мен жыршы-жыраулар жайында мә­лімет беріліп, «Қыз Жібек» эпосының жинақтап, зерттелу тарихы баяндалған. Сонымен бірге Жамбыл атамыздың шығар­машылығы мен қазақ­тың жыраулық дәстүрінің ерекшеліктері, эпостардың төл мәдениетіміздегі орны және көне жырда кездесетін этнографиялық терминдердің түсініктемесі берілген. Ай­тулы еңбек Мемлекеттік сый­­­лықтың лауреаты, қыл­қа­лам шебері Ағымсалы Дү­зел­хановтың «Қыз Жібек» топ­тамасындағы картинала­рымен безендірілген. Айта кетейік, лиро-эпостық дас­тан­ның түпнұсқасы Жам­был Жабаевтың әдеби-мемо­риал­ды музейінде сақталған.