Аймақтар • 28 Наурыз, 2023

Риддердегі жағдай күрделі: Қала әкімі ЖЭО-дағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддердегі жылу беру жағдайы күрделі. Қала әкімі Дмитрий Горьковойдің айтуынша, жылу беру маусымы аяқталғанша қазандықтың бір бөлігі жөндеуге байланысты істен шығады. Бұған ЖЭО жабдықтарының жарамсыздығы себеп болып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риддердегі жағдай күрделі: Қала әкімі ЖЭО-дағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

Екі қазандық күрделі жөндеуден өтеді. Қазіргі уақытта олардың жұмысы тоқтатылды және әлі пайдалануға берілмейді.

«Өкінішке қарай, қазір мұнда станцияның жаңа иелері жоқ. Олар қаржыландыру мәселесін шешу үстінде. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмысын жүргізетін жеткізушіні анықтау үшін тендерлер жариялайды. Облыс әкімі төрт қазандыққа күрделі және қазіргі уақытта жұмыстан шыққан екі қазандыққа шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізуді міндет етіп отыр», деді Дмитрий Горьковой.

Ал билік жылу электр орталығын коммуналдық меншікке беру мәселесін әлі шеше алмай отыр.

«Әзірге заңнама бізге бұл процедураны, тіпті төтенше жағдай аясында да жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Біз стансаны жай ғана алып кете алмаймыз, бізге меншік иелерінің ерікті түрде ерік білдіруі қажет. Бірақ олар бергісі келмейді, өкінішке қарай, олардың өздері ешқандай шара қабылдап жатқан жоқ. Әзірге «Риддер ЖЭО» АҚ коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданған жоқ, бірақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр», деді Риддер қаласының әкімі.