Сайлау • 28 Наурыз, 2023

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына өткендердің тізімі жарияланды

1514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы 27 наурызда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесі Төралқасының отырысы өтті. Онда 19 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысы бойынша алынған сегіз депутаттық мандат үлестірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына өткендердің тізімі жарияланды

Сонымен «Ауыл» ХДП Саяси кеңесі Президиумының бірауыздан шешімімен келесі құрам бекітілді:

Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы - партия мүшесі, «Ауыл» ХДП төрағасының орынбасары, Қазақстан фермерлер қауымдастығы басқармасының төрағасы;

Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, партия мүшесі - Ауыл шаруашылығы, ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі;

Әбден Қарақат Жақсылыққызы - партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті (әйелдер квотасы бойынша);

Баққожаев Анас Ахатұлы - партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары;

Саурықов Ерболат Байұзақұлы - партия мүшесі, «Ауыл» ХДП Жамбыл облысы бойынша облыстық филиалының төрағасы, Ш.Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтының президенті;

Арсютин Николай Геннадьевич - партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары.

Зейнуллин Аян Талғатұлы - партия мүшесі, «СПК Астана» АҚ өндірістік директоры (жастар квотасы бойынша);

Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы - партия мүшесі, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам өкілдеріне арналған квота бойынша).

«Мандаттарды бөлу кезінде әйелдер, жастар және мүгедектер үшін 30 пайыздық квотаны сақтау талаптары сақталды», деп хабарлады  «Ауыл» ХДП баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жариялаған нәтижелер бойынша «Ауыл» ХДП 10,9% дауыс жинап, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына мандат алды.

Бұған дейін «AMANAT» партиясының Мәжіліске депутаттық мандаттарды бөлгенін хабарлаған едік