Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы дүниеге келген.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін (Ұлыбритания), Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген.
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, 2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2007 жылы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде бастаған.
2008-2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік саланы дамыту департаменті Білім және ғылымды дамыту басқармасының сарапшысы қызметін атқарды.
2010-2011 жылдары Қаржы министрлігінің Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларының орындалуын жоспарлау, талдау және іске асырылуын бағалау департаментінде жұмыс істеді.
2011-2019 жылдары Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде сарапшы, консультант, инспектор, сектор меңгерушісі және бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында еңбек етті.
2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін жеке және квазимемлекеттік секторларда басшылық қызметтер атқарды.
2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарды.