Банк • 29 Наурыз, 2023

Банктің бизнеске бөлгені – 100 млрд теңге

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңдеу өнеркәсібіндегі экспортқа бағдарланған жобаларды қолдау үшін Қазақстан Даму банкі 100 млрд теңге бөлмек. Қаражат орта және жоғарғы шекті тауарлардың экспортын, яғни қосылған құны жоғары өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін қолдауға арналған.

Банктің бизнеске бөлгені – 100 млрд теңге

Қарыздың ең төменгі сомасы 1 млрд теңгені құрайды, ол айналым капиталын толықтыруға, яғни шикізат пен материалдарды сатып алуға, сондай-ақ экспортталатын өнімді өндіруге байланысты ағымдағы шығыстарды төлеуге бағытталуы мүмкін. Қарыз мер­зімі – қаржыландыруды ұзарту не­месе бағдарламаларға қайта қатысу мүмкіндігімен 1 жылдан 3 жылға дейін.

«Шетелдік өткізу нарық­та­рында жұмыс істеуді жос­пар­лап отырған немесе осы жұ­мыс­ты жаңадан бастаған орта кәсіпорындарға баса назар аударылады. Біз бизнеске қолжетімді қаражат беретін боламыз, бұл ретте бағдарламаларға қатысушыларға қызметкерлердің жалақысын өсіру, экспорттық түсім көлемі және қазақстандық қамту үлесі сияқты қарсы міндет­те­мелер ұсынылатын болады. Осылайша, біз өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын ғана емес, сонымен қатар ілеспе та­уарлар мен қызметтердің отандық жеткізу­ші­лерін, яғни шағын және орта биз­несті де қолдай аламыз», деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төра­ғасы Нұрлан Байбазаров.

Кәсіпорындарды қолдау бағ­дар­ламалары ұзақмерзімді және өңдеуші өнеркәсіптің экспортталатын өнімінің көлемін өсіруге, саладағы жұмыс орындарын сақтауға және ұлғайтуға, мем­лекеттік бюджетке салық түсім­дерін арттыруға мүмкіндік береді.

Даму банкі бағдарламаларға қа­тысуға өтінімді www.kdb.kz ресми сайты немесе клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның сайтта көрсетілген байланыс те­ле­фондары арқылы беруге бо­ла­тындығын хабарлайды.