Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екінші отандасымыз ұсталды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екінші қазақстандық өз еркімен полицияға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екінші отандасымыз ұсталды

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстағаны үшін 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы тағайындалған еді.

«Елшілік бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды және барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді»,  деді СІМ.

Естеріңізге салсақ, жексенбі күні таңғы сағат 4:20-да 18 және 21 жастағы екі Қазақстан азаматы депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кетті.  Екеуі автобустың терезесінен шығып, тікенді сым тартылған қоршаудан секіріп кеткен. Оның біреуі ұсталды.