Саясат • 29 Наурыз, 2023

Жер қойнауын пайдалану саласында қордаланған мәселе көп - Президент

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің алғашқы сессиясында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Жер қойнауын пайдалану саласында қордаланған мәселе көп - Президент

«Еліміздің өндірістік әлеуетін барынша арттыру маңызды. Қазақстан экономикасы әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр. Яғни, ел экономикасының құрылымы – қарапайым. Шын мәнінде, бізге қарқынды даму үшін күрделі, әртарапты экономикалық құрылым қажет. Әрине, шикізат нарығындағы әлемдік бәсекеде біздің өз артықшылығымыз бар. Қазіргі және стратегиялық міндеттерді орындау үшін оны тиімді пайдалану қажет. Сондықтан осы саланы одан әрі дамыта беру керек», деді Президент.

Осы ретте ол жер қойнауын пайдалану саласында қордаланған проблемалар аз емесін айтты.

«Геологиялық барлау жұмыстарының ойдағыдай жүргізілмеуі тау-кен өнеркәсібін өркендетуге кедергі келтіріп отыр. Минералды шикізат базасын толықтыру қарқыны бәсеңдеп барады. Оның үстіне қазір игеріліп жатқан кен орындарының қоры сарқыла бастады. Қазба байлықты тиімді және үнемді пайдалану қажет. Ол үшін заңнаманы жақсартып, рәсімдерді жеңілдету керек. Геологиялық барлау және кеніштерді игеру ісіне инвестиция тарту айрықша маңызды. Үкімет пен Парламент осы салаға қатысты нақты шаралар әзірлеуге тиіс», деді Мемлекет басшысы.