Саясат • 29 Наурыз, 2023

Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдау маңызды - Президент

684 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік осал топтағы адамдарға қолұшын созу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдау маңызды - Президент

«Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдау – басты міндеттің бірі. Қиындыққа тап болған жандар еш көмексіз қалмауы керек. Мемлекеттің әділдігі мен қоғамның жанашырлығы осындайда көрінеді. Әсіресе, ана мен баланы қорғауға айрықша көңіл бөлінуге тиіс», деді Президент.

Осы ретте ол биыл бала күтіміне жәрдемақы беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылғанын еске салды. Тұрмысы төмен отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін әлеуметтік көмек қайта қаралды. Енді 100 мыңнан астам бала бұл көмекті ақшалай алады.

«Көпбалалы отбасыларға да айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатыр. Жарты миллионнан астам отбасына арнайы жәрдемақы төленеді. Мен былтыр «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтердім. Қазір осы бастаманы жүзеге асыруға дайындық жүргізіліп жатыр. Мемлекет мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыра береді», деді Қ. Тоқаев.