Президент • 29 Наурыз, 2023

Мемлекеттік қарызды өтеу шығыны артып барады - Президент

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет бюджетінін тиімді жұмсалмай жатқанын айтып, мемлекет қаржысын игеру саясатын қайта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қарызды өтеу шығыны артып барады - Президент

Президент бюджет шығындарына қастысты ескерту жасап, қарыздардың көбейгенін атап өтті.

«Бұл қаржы тек елімізді дамытуға жұмсалуы қажет. Аталған мәселе бюджет шығындарына да қатысты. Алайда бюджеттің жоспарлануы мен жұмсалуы көңіл көншітпейді. Мемлекеттік қарызды өтеу шығыны артып барады. Ұлттық қордан бөлінетін трансферт азаймай тұр. Барлық деңгейдегі бюджетті тиімді игеру проблемасы әлі де бар. Сондықтан бізге жан-жақты ойластырылған әрі теңгерімді бюджет саясаты керек. Биыл Парламент қарауына енгізілетін Жаңа Бюджет кодексінің жобасы аталған мәселелерді шешуге бағытталуға тиіс», деп тапсырма берді Қасым-Жомарт Тоқаев.