Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Қазақстанда жануарларды қорғауға арналған жедел желі іске қосылды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты «жедел желі» жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жануарларды қорғауға арналған жедел желі іске қосылды

Жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша «жедел желі» іске қосылды.

«Жануарларға қытегездік танытқан фактілер анықталған жағдайда +7 (777) 195 99 00 (WhatsApp) нөміріне хабарлауды сұраймыз», делінген министрлік хабарламасында.

2022 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді.

Аталмыш заң келесі принциптерге негізделеді:

  • иесінің жануардың өмірі, денсаулығы және амандығы үшін жеке жауапкершілігі;
  • жануарларды қатыгездіктен қорғау;
  • халықты жануарларға адамгершілікпен және мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Сонымен қатар құжатта халықты жануарларға жауапкершілікпен қарау, жануарларға қатыгездікті насихаттауға тыйым салу тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеу қарастырылған.