Головкин мен Мунгия сонау 2018 жылы айқасуы керек болған. Алайда ол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшы мұндай жекпе-жекке «әлі дайын емес» деп рұқсат бермеген еді.
«Хаймеде DAZN-де жекпе-жек жоспарланған. 10 маусымдағы бокс кешінде Головкинмен кездесу өткізгіміз келеді. Том Леффлермен сөйлестік. Алдағы уақытта келісімшартқа қол қоямыз деп отырмыз. Хайменің мансабы бастала сала Головкинмен жұдырықтасқымыз келген. Содан бері сәті түспеді. Енді қайтадан тырысып жатырмыз», дейді промоутер.