Спорт • 29 Наурыз, 2023

Ерасыл – әлем чемпионы!

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр атлетикадан Албанияның Дур­рес қаласында жалауы желбіреген жас­өспірімдер арасындағы әлем бі­рін­­шілігінде Қазақ елінің әнұраны шыр­қалды.

Ерасыл –  әлем чемпионы!

Аталған жарыста 73 кило салмақ дәре­жесінде сынға түскен Ерасыл Сәуле­беков 137 килоны жұлқып, 168 килоны серпе көтерді. Сөйтіп қандасымыз қоссайыс қоры­тындысы бойынша 305 килолық көрсет­кішпен бас жүлдені жеңіп алды. Әзербайжандық Равин Алмамадов (303 кило) күміс, ал оңтүстіккореялық Пак Жу Хьон (289 кило) қола медаль иеленді.

Дәл сол күні өнер көрсеткен тағы бір зілтеміршіміз Дарья Балабюк (55 кило) жұлқып көтеру жаттығуында қола жүлдені еншілегенімен, қоссайыста төртінші орында қалып қойды.