Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Ардақ Назаров журналистердің сұрағына неге жауап бермегенін түсіндірді

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ғана депутат болып сайланған Ардақ Назаров әлеуметтік желі арқылы өзінің алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Ардақ Назаров журналистердің сұрағына неге жауап бермегенін түсіндірді

«Ассалаумағалейкүм құрметті достар! Менен жаңалық күтіп отырған шығарсыздар. Аллаға шүкір, бүгін халқымыздың алдында ант беріп жаңа жауапкершілікті өз мойнымызға жүктедік. Маған шын ниетпен тілекші болып отырған ағайынға алғысымды білдіремін», деп жазды ол өзінің instagram парақшасында. 

Журналистерден қашқан Ардақ Назаров өз ісін келесідей түсіндірді.

«Біраз сұрақтарға жауап берілмеді деп уайымдап отырғандарыңызды білемін. Біз спортшымыз ғой, рингке қыздырынбай кірмейміз. Дәл сол сияқты саяси рингте де қыздырынып, жан-жақты бағамдап, ішкі кухнясын көріп барып жауап бергеніміз дұрыс болады. Жақсы-жаманды таразылайтын, баға беретін уақыт әлі алда.

Айтпақшы журналистер қауымына алғысымды білдіремін, бізді саяси майданға кірместен бұрын шыңдап жатырсыздар», деп жазды ол.