АСТАНА. 1 шілде. Ұлттық қордан бөлінген 1 триллион теңгенің көмегімен экономиканы сауықтырудың қосымша ынталандыру шаралары жүзеге асырылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев: «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық қордан бөлінген 1 триллион теңге есебінен экономиканың өсуін қосымша ынталандыру шаралары қамтамасыз етілді. Биыл экономикалық өсуді қамтамасыз етуге 500 млрд. теңге бөлініп отыр. Оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдауға 100 млрд. теңге, банк секторын сауықтыруға 250 млрд. теңге және индустриялық-инновациялық даму жобаларын іске асыруға 150 млрд. теңге жұмсалады», – деді.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің сөзіне қарағанда, ұлттық қордан бөлінетін теңгені тиімді пайдалану үшін Үкімет бірқатар халықаралық қаржы ұйымдарымен келісімге келген.
Ерболат Досаев: «Бірқатар халықаралық банктер экономиканың негізгі саласындағы инвестициялық жобалар мен басым бағдарламаларды бірлесе қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Бірлесе қаржыландырудың жалпы мөлшері 7,5 млрд. долларға дейін жетеді», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: remarka.kz.
• 01 Шілде, 2014
Ұлттық қор есебінен экономиканың өсуін ынталандыру шаралары жүргізіледі

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше