Бизнес • 29 Наурыз, 2023

Кәсіпкерлікке серпін береді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында ел дамуына үлес қосатын кәсіпкерлердің «жаңа толқынын» қалыптастыру қажет екенін айтты. Оның бел ортасында таланты мен талабын ұштастыру арқылы табысқа жеткен бизнесмендер болуға тиіс.

Кәсіпкерлікке серпін береді

Бұған дейін де кәсіпкерлікті қол­дау­дың түрлі іс-шарасы жүзеге асырылып келді. Енді саланың бәсекеге қа­­бі­­леттілігін арттыруға баса мән бе­­­рілмек. Кешегі сөзінде Мемлекет бас­­­­шысы осындай өзгерістер ар­қы­­лы эко­но­микалық саясатқа өз­геріс енгі­зіп, нақты мәселелермен айна­лы­­са­тын кез жеткендігін ашып айт­­­ты.

Кәсіпкерлерге ортақ мекеніміз Қа­зақ­станның болашағын бірге құ­руға үндеген Мемлекет басшысы бұл жолда іскерлерге мемлекет та­ра­пы­нан қолдау көрсетілетініне кепіл болып отыр. Енді бюджеттен қар­жы­лан­дырылатын ауқымды жобаларды ең алдымен отандық кә­сіп­кер­лер жүзеге асыруға тиіс. Мұн­дай қолдау кәсіпкерлерді қанат­тан­дыра түседі.

Биылдың өзінде Қызылорда облысында 250-ден астам жас пен 600-ден астам ауыл азаматы 2,5 пайызбен несие алады деп жос­парланып отыр. Ол үшін өңірге республикалық бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлінді. Бұл ауыл тіршілігін жандандырып, салаға тың серпін береді.

Қай саладағы бастама да бір­ден жүзеге асып кете қоймасы бел­гі­лі. Осы орайда кәсіпкерлер де Мем­лекет басшысының шағын және орта биз­несті экономика мен еңбек на­ры­ғының қозғаушы күшіне айналдыру бастамасына үлес қосады деп сенеміз.

 

Пірмұхаммед СЫЗДЫҚОВ,

Қызылорда облысы

Кәсіпкерлер палатасының

директоры