Спорт • 30 Наурыз, 2023

Нұрдос Сабыр әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Нұрдос Сабыр жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрдос Сабыр әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазақстандық ауыр атлет 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.

Қоссайыс қорытындысында Нұрдос 321 келіні (145+176) бағындырып, күміске ие болды. Ол жұлқа көтеруде жеңімпаз атанса, серпе көтеруде 2-орыннан көрінді.

Барлығы 57 елден 268 ауыр атлет қатысып жатқан әлем біріншілігінде бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 73 келіге дейінгі салмақта (137+168) 305 кг нәтижемен чемпион атанған еді.