Коронавирус • 30 Наурыз, 2023

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте елімізде 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді

Министрліктің мәліметінше, 1 715 адам коронавирус инфекциясынан (–1 537+ және 178 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 165 пациент стационарда, 1 550 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.