Теннис • 30 Наурыз, 2023

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасымен кездеседі

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 наурыз күні кешке Майамидегі турнирдің жартылай финалында теннисшіміз Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кортқа шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасымен кездеседі

Sports.kz хабарлауынша, кездесу Астана уақытымен 20:00-де өтеді.

Айта кетейік, Майами турнирінің биылғы жүлде қоры - 8 800 000 доллар. Жеңімпаз 1 262 220 доллар жинап, 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Бұған дейін Майамиде өткен турнирде Елена Рыбакина ресейлік Анна Калинскаяны (64-орын) 7:5, 4:6, 6:3, испандық Паула Бадосаны (29-орын) 3:6, 7:5, 6:3 есебімен ұтқан еді. Сонымен қатар ол бельгиялық Элиз Мертенсті (39-орын) 6:4, 6:3 және итальяндық Мартина Тревизанды (24-орын) 6:3, 6:0 есебімен жеңген.

Джессика Пегуланың өнеріне келсек, ол жартылай финалға жолдаманы канадалық Кэтрин Себовты (172-орын) 6:3, 6:1 есебімен, америкалық Даниэль Коллинзді (30-орын) 6:1, 7:6 есебімен, полька Магда Линетті (19-орын) 6:1, 7:5 және ресейлік Анастасия Потапованы (26-орын) 4:6, 6:3, 7:6 есебімен жеңіп алған.

Елена Рыбакина аты аңызға айналған Серена Уильямстың тарихи рекордын қайталады.