Тағайындау • 30 Наурыз, 2023

Әлихан Смайылов Премьер-министр лауазымында қалды

552 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Премьер-министр лауазымында қалды

Ерлан Қошанов Мемлекет басшысымен кездесуде Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды.

Қолданыстағы заңнамаға сай Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен талқылады.

Әлихан Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;

2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті;

2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы;

2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы;

2015–2018 жж. — ҚР Президентінің көмекшісі;

2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі;

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды;

2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды;

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.